Өз баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберген

Семейде жас келіншек өз баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберді. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, аяқ астынан ұстамасы ұстап қалған әйел келген құтқарушыларға еш мүмкіндік бермеген. Олар үйге кіргенше, келіншек баласын лақтырып жіберіпті. Періштесі қаққан 3 жасар Богдан тірі қалған.

Бүлдіршін алғашында есінен танып қалып, сосын анасын іздеген. Бірақ қазір хал үстінде жатыр. Басы қатты жарақаттанды. Миы шайқалған және оң жақ сан сүйегі сынған.

Жұрттың алдында баласын терезеден лақтырған ана да бірден психоневрологиялық диспансерге жөнелтілген. Ондағылар бұл әйелдің 2015 жылдан бері тіркеуде тұрғанын жеткізді. Ауруханаға түскен ол әлі есін жинамапты. Қазір, полиция қызыметкерлері оған қатысты қылмыстық іс қозғаған. Енді келіншек баланы өлтірмекке оқталғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін.