Есінен танып есімін ұмытты

Түркістанда ауруханада жатқан науқас тұрғындардан көмек сұрады. Төрт айдан бері ем қабылдап жатқан ер адам есін жоғалтқан. Бұл туралы қаланың прокуроры Руслан Әбдірайымов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

 

«13 мамыр 2017 жылдан бері Түркістан қаласы, Майдантал ауылынан ХҚТУ-ның клиникасына қан қысымымен (суретте көрсетілген) азамат келіп түскен болатын. Бүгінге жалпы денсаулығы жақсы, алайда аты-жөнін және кім екенін айтып бере алмауда. Оның кім екенін іздеу істері және сұрастыру жұмыстары болжам бойынша Есмурзаев болуы мүмкін деген ақпарат бар. Сондықтан танығандар болса және кім екенін білетін азаматтарға өтініш, ішкі істер басқармасына немесе қалалық прокуратураға xабар беруді сұраймыз»,- деп жазады Руслан