Қырғызстанда оқушы қызды зорламақ болған зейнеткер құрықталды

Қырғызстанда оқушы қызға азғындық жасамақ болды деген күдікпен   66 жастағы қария құрықталды. Ол қыз баланың көршісі болған. Арызды оқушының ата-анасы жазған. 

Арызданушылардың айтуынша, қария жасөспірім қызға қолжүгіртіп, оны зорламақшы болған. Тергеу барысында зейнеткердің қолына кісен салынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды медициналық сараптама тағайындалған.