Астаналар туралы қызық деректер

1. Мажарстан астанасы екі қаладан тұрады. Дунайдың екі жағасына орналасқан Буда және Пешт қалалары өсе келе бірігіп кеткен. Түркияның бұрынғы астанасы Стамбул Азия мен Еуропаға бөлінген.

2. Гватемала, Панама, Сан-Марино, Люксембург, Андорра, Монако, Алжир, Тунис, Сан-Tоме елдерінің астаналары мемлекетпен аттас екен. Кейбір ел аттары бас қаламен ұқсас келеді: Бразилия – Бразилиа, Никарагуа – Манагуа. Мексика – Мехико.

3. АҚШ, Аустралия, Түркия, Бразилия, Израиль және біздің елде астаналар елдегі ең үлкен қала емес.

4. Испан елордасы Мадрид елдің дәл ортасынан орын тепкен.

5. Танзанияның екі астанасы (Дар-ес-Салам мен Долдама) бар болса, Оңтүстік Африка республикасы үш астанаға (Претория, Кейптаун және Блумфонтейн) ие.

Сурет: awaytravel.ru,  ourspain.ru,  flashtravel.com.ua