Әсіре діншіл әке шұжық жеген ұлын күштеп құстырып, далада түнеткен

“Салафизм ағымын ұстанатын бір адам 2-сыныпта оқитын баласы достарымен ойнап жүріп, қызығып асханадан “сосиски в тестені” жеп қойғаны үшін, саусағын баласының аузына тығып, күштеп құстыртып, “харам” ас жегені үшін баласын түні бойы подъезде қалдырған! Өз баласына сондай қатігездік жасаған адам, өзгені еш аямауы айдан анық! Үйде қатігездік көріп өскен бала ержеткенде сондай қатыгездікке баруы 100% мүмкін.

Бала күнімізде әжеміз арақ ішіп, доңыздың етін жемеу керектігін жайлап қана түсіндірген еді. Қазіргі әсіредіншілдер осындай қатал әрекеттері арқылы отбасындағы балаларының ислам дініне деген теріс көзқарасын қалыптастырып келе жатқандарын өздері сезіне ме екен?” – деп жазады Ермек Құрманғалитегі.