Бұзылған үй қараусыз тұр

Астана қаласы Абай көшесі 85/1 үйдің («Егемен Қазақстан» газеті көшесімен қиылысында) бұзылып, тұрып қалғанына біраз күн өтті. Қасында балабақша және басқадай тұрғын үйлер бар бұл ғимарат не анда жоқ, не мұнда жоқ осылай ашық-шашық жатыр. Оған кім назар аударып, қай мекеме немесе мемлекеттік орган жауап беретіні белгісіз. Бұзылып. тұрып қалған ғимараттың көше жағы ғана қоршалса, ішкі жағы ашық жатыр. Бұл дегеніңіз, сол жерде ойнап жүрген балалар болсын, тіпті үлкен адамдар болсын аса қауіпті екендігі көрініп тұр.

Нүктесін кім қояды?

Бұзылған үй. Шашылған кірпіш. Бұзылған үй. Шашылған ағаш материал. Бұзылған үй. Шашылған темір-терсек. Бұзылған үй. Шашылған тақтай. Бұзылып жатқан үйдің көше жағы ғана қоршалған.