Тәртіп бұзсаң заң қатал

15 қыркүйектен бастап Астанада «Сергек» сертификатталған сурет және бейне жазу құрылғысының көмегімен жолда жүру ережелерін бұзу деректері үшін әкімшілік жазалау шаралары іске қосылады. Ең алдымен, бұл жүйе жылдамдық режимін асырғаны үшін, қоғамдық көліктің жолағымен жүргені үшін (Bus Lane) және стоп-сызығын кесіп өту сияқты ереже бұзушылықтарды қарастыратын болады, — деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

2017 жылдың соңына дейін Астана қаласының аумағында көше қиылыстары мен қаланың сызықтық аймақтарында, сонымен қатар ойын-сауық орталықтары, театр, спорт алаңдары, музей сияқты көпшілік қауым жиналатын жерлерде 13 000 сурет және бейне жазу камералары қолданысқа енетіні жайлы еске салып өтейік. Сурет және бейнебақылаудың жаңа жүйесіне 3 мыңға жуық жалпы бейнебақылау жүйелері енгізілген.

Бұл камералар тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеп, олардан түсірілген бейне материалдар тіршілікті кешенді қамтамасыз ету жүйесі мен (ТКҚЖ) мен Астана қаласы ІІД Жедел басқару орталығы (ЖБО) кіретін Ахуалдық орталық бақылауына алыну және өңделу үшін жіберіледі. Одан бөлек, қосымша 10 000 камера дәл сол уақыттағы автокөліктердің нөмірлік белгілерін, жылдамдық режимдерін, қоғамдық көліктің жолағымен жүргенін және стоп-сызығын кесіп өту жағдайларын жазып алатын болады: 6 000 камера 400 көше қиылыстарында және қаланың 300 сызықтық жер телімдерінде; 4 000 камера ойын-сауық орталығы, театр, спорт алаңдары сияқты көпшілік қауым жиналатын орындарда орналасатын болады. Оқу мекемелері мен балабақшаларға жақын жердегі көлік қозғалысының жылдамдығы 40 км/сағ дейін шектелген, жылдамдықты шектеу белгілері орнатылған, сәйкес жол белгілері сызылған.

Бұл жер телімдері сурет және бейне жазу жүйелерінің назарына ерекше алынған. Еске салайық, ЖЖЕ-нің сурет және бейне жазу жүйелері Астанада алғаш рет 2015 жылдың ақпан айында VOCORD аппараттар кешені мен Red Speed жылдамдық өлшеуіштерін қаланың 11 көше қиылыстарында орналастырумен іске қосылған. Ол «қаланың зияткерлік көше қиылыстары» деген атауға ие болды. 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 21 VOCORD камералары мен 83 Red Speed жылдамдық өлшеуіштерінің жұмысының нәтижесінде Астана қаласында 66 410 ЖЖЕ бұзушылықтары мен 51 493 ұйғарымдардың шығарылғаны тіркелді.

Бүгінгі таңда, 323 реттелетін көше қиылыстары жұмыс істеуде, оның 60-ы «Астана қаласында сурет және бейне жазу аппараттық-бағдарламалық кешенін құру және қолданысқа беру» атты жобасының аясында сурет және бейнекамераларымен жабдықталған. Сонымен қатар, қазірдің өзінде қаланың 100 сызықтық жер телімдерінде радар кешендері толығымен жұмыс істеуде. Кешеннің тестілік кезеңдегі жұмысынан алынған ақпараттар бойынша құқық бұзушылықтарды талдаудан өткізу жұмыстары жүргізілді. Талдау 2017 жылдың тамыз айының өзінде кейбір автокөлік иелері 25-ке жақын ЖЖЕ бұзушылықтарын жасағанын көрсетті. 15 қыркүйекке дейінгі ұйғарымдарды әзірлеу үрдістері уақытша болмағанына қарамастан, аталған мерзім аралығында бұзушылық жасаған жүргізушілер ІІД жергілікті полиция қызметі (ЖПҚ) бақылауына алынады. Астанадағы сурет және бейне жазу камераларының орналасу картасы citycams.kz сайтында орналастырылған.