Қатар кейбір араб елдеріне қалай жақпай қалды?

BBC телеарнасының хабарлауынша, бүгін Қатар еліне қасындағы бірқатар араб мемлекеттерінің қойған ультиматум талаптарының мерзімі бітеді. В ночь на среду истекает срок ультиматума, предъявленного Катару арабскими соседями.

Сауд Арабиясы, Мысыр, Біріккен Араб әмірліктері және Бахрейн сияқты елдер Қатарға мынандай талаптар қойған:

  • «Мұсылман бауырлар» сияқты радикалды террористік ұйымдарды қолдауды тоқтату;
  • «Әл-жәзира» телеарнасын жабу;
  • Түрік әскери базасын жабу;
  • Иран елімен байланысты мүлде үзу.

Бұл талаптарды орындамай қойған жағдайда Қатарға жоғарыда аталған көршілері санкциялардың неше түрін салып, «Араб әлеміне» қайта кіре алмайтындай жағдай туғызамыз деп сес көрсетіп отыр.

Серікқазы КӨКЕНАЙ

Сурет: about-planet.ru