Мая ішіндегі сора

Тәртіп сақшылары ауласында жасырын сора өсірген күдіктіні құрықтады. Сора сырт көзге байқалмайтын асқан айламен ойластырып егілген. Бір мая шөптің арасына жасырылып егілген сораны бірден байқау мүмкін емес.

Мақтарал аудандық полиция қызметкерлері жалпы салмағы 1,5 келі болатын 6 түп сора және 130 гр. кептірілген марихуана тәркіледі. Күдіктінің үйін тінтіп шыққан тәртіп сақшылары қағазға оралған 15 гр. болатын есірткі заттарын қолға түсірді. Суық қаруға жататын екі қанжар да қоса табылды. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Жыл басынан бері ОҚО ІІД тарапынан жүргізілген шаралар барысында есірткі заттарына жататын өсімдіктерді өсірумен айналысып, қолға түскендердің қатары 80-нен асып жығылады. Заттай айғақ ретінде 4,5 тонна есірткі тәркіленген.