Қазақтар мен үнділер төбелесті

Астанада үнді азаматтары мен қазақ жігіттері арасында жанжал шықты. Оқиға орнында болған күзетшілердің айтуынша, «Абу Даби Плаза» кешенін салып жатқан құрылысшы үнді азаматының бірі күзетте тұрған қазақ жігітінің далаға жіберуін сұраған. Бірақ ол шет елдік азаматтың сыртқа шығуына рұқсат бермеген. Мас күйдегі үнді жігіті күзетшіні соққыға жыққан.

Жапа шеккен ол, дос-жарандарын көмекке шақырып, кек қайтарған. ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, қаза болғандар жоқ, тек екі адам жеңіл жарақат алды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.