Лукашенконы қызықтырған көліктің құпиясы неде?

Беларуссия президенті Лукашенко ең соңғы үлгідегі Тесла көлігін жүргізіп көріп, америкалық темір тұлпарға қызығушылық танытты. Дәл осындай көлік түрін өз елінде шығару туралы тапсырма берді. Тек трактормен ғана танылған ел, енді еш елдікіне ұқсамайтын жеңіл автокілік шығармақ. Тіпті Александр Лукашенко бұл іске шет елдің мықты мамандарын да жұмылдырмақ.

Көп көліктің ішінде неге Тесла көлігіне ғана қызықты екен? Көлік әлемге әйгілі инженер-электрик және физик Никола Тесла құрметіне аталған. Тесла өте жылдам жүре алады және қауіпсіз көлік. Бастысы көлік тоқпен жүреді. «Үздік экологиялық таза бастама» номинациясы бойынша (электр қозғалтқыштарымен көлік құралдарын дамытқаны үшін) жеңімпаз атанған.