Шахтада үш адам қаза тапты

Шахтинск қаласындағы «Арселор Миттал Теміртау» шахтасында апат болды. 136 адам жұмыс істеп жатқанда газ бөлініп, қатты қысымға шыдамай үш адам қаза тапты. Оқиға 31 тамыз күні таңғы сағат 4 болған. ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті құтқару жұмыстарын жүргізуде. Оған жалпы саны 60 адам, 9 дана техника жұмылдырылды.

Қайтыс болғандар туралы мәлімет:

  1. Ахметжанов Рустам Ренатович, 23.03.1983 жылы туған, үйленген, 3 баласы бар;
  2. Руденко Валерий Валентинович,  18.05.1980 жылы туған, үйленген, 2 баласы бар;
  3. Шебанов Максим Сергеевич, 24.05.1986 жылы туған, үйленген, 1 баласы бар.