Еламан ЕРҒАЛИЕВ Бейбіт ЫСТЫБАЕВТЫ қалай жеңді?

Биылғы Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» атанған аса талантты палуан Еламан ЕРҒАЛИЕВ бұл биігіне кездейсоқ шықпағаны түсінікті. Оған дәлел, 2015 жылы осы спорт түрінен Федерация кубогін сарапқа салғанда Жамбыл облысы мен Қызылорда облысы командалары кездескендегі мына бір күресі. Сол сайыста Еламан Бейбітті айқын басымдықпен жеңгенін мына төмендегі видеоматериалдан көруге болады.

Жақында «Айтуға оңай» хабарында берген сұхбатында Бейбіт ЫСТЫБАЕВ «Қазақстан барысына» биыл қатыссам тағы да жеңімпаз атанып кетемін бе, содан қатыспай қалдым депті. Бұл басқа қарсыластарын менсінбегені ме әлде Еламаннан тағы жеңіліп қаламын ба деп қауіптенгені ме екен?

Ал, Еламан болса, Бейбіттен де асып түсемін деп бел буып отыр.

Серікқазы КӨКЕНАЙ

Сурет: fdk.kz