Қазақстанда діни радикализмнің алдын алу шаралары күшейтіледі

ҚР Үкіметі 2017 жылы қабылдаған шаралар Қазақстанда діни радикализмнің алдын алу шараларын айтарлықтай күшейтуге көмек болды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығындағы брифинг барысында ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев хабарлады.

Нұрлан Ермекбаев министрлік 2017 жыл ішінде ауқымды тәжірибелік шараларды қабылдағанын баяндады. Идеологиялық негізі «2017–2020 жылдарға арналған діни саладағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасынан» тұратын заңнамалық өзгерістер пакеті әзірленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, діни насихатты бақылау жұмыстары күшейтіледі және діни бірлестіктердің қызметін қадағалайтын мемлекеттік қызметтер кеңейтіледі. Сонымен қатар мемлекет бұрынғысынша канондық және діни мәселелерге араласпайтын болады.

Ведомствоаралық жұмыс аясында деструктивті діни ағымдарға қарсы іс-әрекеттің идеологиялық әрі ақпараттық қадамдары қабылданып жатыр. Үкімет жанынан тек дін мәселелерімен айналысатын арнайы Ведомствоаралық комиссия құрылды. Осындай өзара іс-қимылдың нәтижесінде діни мекемелердің айналасындағы қауіпсіздік күшейтілді, діни материалдарды тарату арналарының тұрақты мониторинг жұмысы реттелді.

1 тамыздан бастап Бас прокуратура мен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі бірлесіп, «Киберқалқан» жобасын іске асырып жатыр. Оның аясында арнайы kibernadzor.kz ресурсы құрылды. Сайттарға монторинг жасаудан өзге, кітап және баспа өнімдеріне сараптама жүргізілуде. Сондай-ақ, ІІМ-мен бірлесіп діни экстремизм үшін сотталғандарды оңалтудың арнайы қызметі құрылды.

Бұдан өзге, ақпараттық-түсіндіру жұмысының жүйесі жетілдірілді, ендігі ол ҚР ДІАҚМ үйлестіруімен құрылған. Теологиялық және ақпараттық топтардың құрамы қайта жасақталды және теологтар, ҮЕҰ сарапшылары, белсенділер, БАҚ және діни бірлестіктер есебінен кеңейтілді.

Олар жыл басынан бері 1.8 млн адамды қамтыған 17 мыңнан астам шара өткізген. Жастармен жұмысқа баса назар аударылды. Аталған кезеңде 700 мың жас өздеріне арнап ұйымдастырылған 6 000-нан астам шараға қатысқан.

Сондай-ақ, қауіп топтарымен жүргізетін жұмыстың жобалық тәсілдері қалыптастырылды. Министрліктің осы бағыттағы негізгі серіктесі – «Ақниет» оңалту орталығы. Ол бостандығынан айыру орындарында қызмет көрсетеді. Орталық қызметкерлері діни экстремизм үшін сотталғандармен және олардың отбасыларының мүшелерімен жұмыс жүргізеді.

Деструктивті секталардан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін консультация орталықтары құрылған. Министрліктің осы жобадағы серіктестері 24 ҮЕҰ болды. Күрделі аймақтарда тек консультация орталықтары ғана емес, толыққанды психологиялық оңалту қызметтері жұмыс істейді.

Халық тарапынан жағымды пікірге ие болған жоба – «Жедел желі – 114» болды. Оған 2016 жылы азаматтардан 500-ден астам хабарлама келіп түскен. Аталған жоба азаматтарға кеңес беруге және құқық бұзушылықтар туралы сигналдарға шұғыл әрекет етуге мүмкіндік береді. Жалпы, көпжақты серіктестік негізінде дін саласындағы жағдайды бақылау қамтамасыз етілуде. Соның нәтижесінде деструктивті діни идеялардың ықпалы біртіндеп