Студентті мәжбүрлеуге тиым салынады

Көрермені аз жиналатын концерттер мен әртүрлі шараларға студенттерді тоғытып жататын жағдай жиі кездеседі. Енді елімізде студенттерді мәжбүрлеп концертке жіберуге тыйым салынуы мүмкін.

 

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі концерттік зал, стадион мен мерекелік жиындар өтетін алаңдарға жастарды мәжбүрлеп жинауды тоқтатуды ұсынды. Себебі студенттерді сабақтан босатып шараларға мәжбүрлеп жіберу дәстүрге айналды. Сондықтан министрлік тарапынан көтерілген бұл бастаманы қоғам қолдайтыны рас.