Балаңызды бақылауда ұстайсыз ба?

Өзбекстан сенаты «Балалардың денсаулығына зиян тигізетін ақпараттардан оларды қорғау туралы» заңды мақұлдады. Жаплы осындай Заң біздің елімізге де керек сияқты. Себебі, ақпараттың қол жетімділігі балалар өміріне қауіп төндіруде.

 

Әр үйге кіріп балаларын бақыласаңыз қолдарында бір-бірден смартфон ұстағанын байқайсыз. Ана мен бала арасында қатынас үзілген. Ертегі тыңдауды айтпай-ақ қояйық. Тіпті, «ауызыңды жауып, тыныш отыршы»  деп, қолына телефон ұстата салған аналарды да көріп жүрміз. Таңның атысы, кештің батысы смартфон ұстаған сәбиден қандай болашақ күтеміз. Ойланатын мәселе. Сондықтан өбек ағайындардың осы бастамасын бізге де қолға алу керек шығар.