Велосипедпен Меккеге жетті

ОҚО-ның 60 жастағы тұрғыны велосипедпен Меккеге жетті. Ол алдымен Самарқанға, кейін Тәжікстанға жетіп, сонда сәл аялдаған, деп хабарлайды otyrar.kz.

Туған-туыстары Тожәлі Акрамовты велосипедпен Меккеге бару райынан қайтармақшы болғанымен, ол өз дегенінен қайтпай, сапарға аттанған. Қажылық сапарға Т.Акрамов бір жылдай дайындалған, медициналық тексеруден өтіп, ең қажетті деген жабдықтарды әзірлеген.

Оның велосипеді үш жылдамдыққа ауыса алады. Оған сондай-ақ бейнебақылау камерасы мен су салынған шағын жәшік орнатылған. Оңтүстік Қазақстан тұрғыны туыстарының айтуынша, Меккеге аман-есен жеткен. Жолда алты тәулік өткізген. Оның денсаулық жағдайы жақсы және ол барлық қазақстандықтар үшін дұға жасауға уәде еткен.