«Талақ» айтуға тиым салды

Таяуда Үндістанның жоғарғы соты мұсылмандардың «шұғыл ажырасу» деп аталатын тәжірибесін конституцияға қарсы деп мойындады. Елдегі жұртшылықтың басым бөлігі бұл шешімді құқық қорғаушылар мен әйелдер құқығы үшін күресушілердің жеңісі деп қабылдады. Бірақ бұл күрес әлі болған жоқ- деп хабарлайды Би-Би-Си тілшісі.

Үндістанның мұсылман әйелдері бірнеше жыл үрей үстінде. Біраз жыл отасқан ерлері үш рет талақ (ажырасу) айтып кете беруі әбден мүмкін. Бұл елде ерлі – зайыптылардың осылай жылдам ажырасу тәжірибесі бірнеше жыл бұрын басталған. Бірақ, былтырғы жылы шарықтау шегіне жетті. Оған себеп, жоғарғы сотқа 35 жасар екі бала анасының шағымы.

35 жасар әйелдің есімі Иск Шаяры Бано. Ол 2016 жылы сотқа шағым түсірген. Уттаркхандқа әке-шешесіне емделуге кеткен ол 15 жыл отасқан күйеуінен хат алған. Хатта «талақ, талақ, талақ» деп жазылған. Бұлар Аллахабаде қаласының тұрғындары. Талақ айтқан күйеуі әйеліне балаларымен кездесуге де тиым салған.

Қатты қапа болған Шаяры Бано барлық жағдайды баяндап сотқа арыз жазады. Өзінің шағымында ол «шұғыл ажырасу» жүйесін болдырмау керектігін, мұсылман ерлердің әйелдерге адам емес, зат сияқты қарауын тоқтауын өтінеді.

Үндістанда үш рет «талақ» айта салып, ажырасу көрсеткіші жиілеп кеткен. Отағасы жарына барып еш түсіндірместен телефоны арқылы хат жолдай салатын жағдайға жеткен,-дейді құқық қорғаушылар.

Зерттеушілер Құранда ажырасуға себеп болатын бірнеше жағдайларды жазған.  Қасиетті кітапта жұптарға ойлану үшін үш ай уақыт берілетіндігін, сондай-ақ   талақ айтып ажыраса салу Құранда жазылмағандығын да дәлелдеп берен.

Осылай Шаяры Бано өзінің құқығын сәтті қорғап шығып, барша мұсылман әйелдердің де мәселесін шешіп берді. Адвокат Баладжи Сиринавасан: – Біздің елдің тарихында мұндай оқиға бірінші рет болып тұр. «Талақ» деп тастап кеткен күйеулерін неге баяғыдан осылай сотқа бермеген?- деп таңданысын білдірді.

Үндістанда 525 ажырасу көрсеткіші болса оның  414-і талақ бойынша жапа шеккендер, ал 100 әйел баспанасыз қалған. Соттың шешіміне қарсы болғандардың бірі Үндістан мұсылмандар кеңесінің белді өкілі. Оның айтуынша талақ айту 1400 жылдан бері жалғасып келеді. Егер мұсылман еркек талақсыз ажырасса ол қылмысқа пара-пар саналады дегенді айтқан.