Табылған мәйіт жоғалған журналисттікі болуы мүмкін бе?

 Копенгаген жағалауларынан басы және аяқ-қолдары жоқ әйел адамның денесі табылды. Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, табылған әйел денесін таяуда жоғалған журналист Ким Валльдікі болуы мүмкін.

 

Адам сүйегін жағалаудан өтіп бара жатқан велосипед жүргізушісі тауып алған. Куәгерлер Валльді соңғы рет 10 тамыз күні кешке  өнертапқыш Питер Мадсеннің сүңгуір қайығынан көрген. Дания полициясы жоғалған журналист қайығын суға қасақана батырғандығын айтып отыр. Күдікті Мадсен дүйсенбі күні сотта Валльдің қайғылы жағдай салдарынан қаза тапқандығын және оны теңізге «жерлегендігін» мәлімдеген.

46 жасар өнертапқыш қайтыс болған журналистің мәйітін Копенгагеннің оңтүстігіндегі Кеге айлағына қалдырғанын айтты. Іздеу жұмыстарына жұмылдырылған сүңгуірлер, тікұшақтар  және құтқару қайықтары жұма күннен бері сүңгуір қайықтың жүрген бағытын тексеруде. Мәйіт аяқ-қолдары мен басы жоқ күйінде табылған. Әйелдің денесі сот медициналық сараптамасына жіберілді. Копенгаген полициясының өкілі Йенс Моллер: – Табылған мәйіт  Ким Валль екені әлі де тексерілуде. Алайда, әзірге бұл туралы нақты айта алмаймыз,-дейді.

Істің қаралуы сотта жабық күйде өтіп жатыр. Алайда, қорғаушы мен айыптаушы жақтың сұрақтарынан кейінгі Мадсеннің берген түсініктері жұртшылықтың назарын аударды. Полиция хабарламасында биліктің сүңгуір қайықтың Кеге айлағы мен Эресунн бұғазындағы қозғалыс бағытын толық тексеріп шыққандығы мәлімденген.

Ким Валль 30 жаста. Ол Нью-Йоркте журналист болып жұмыс істеп, New York Times, Guardian газеттері мен Vicе журналына мақала жазып тұрған. Журналист қыз Петер Мадсен және оның әлемдегі ең үлкен болып саналған сүңгуір қайығы туралы материал дайындап жүрген. Сүңгуір қайық 2008 жылы құрастырылған.

Журналистің бұл сапары қысқа болады деп жоспарланған. Алайда, жұма күні таңертең Ким Валльдің досы оның жоғалып кеткендігін хабарлады. Содан бері журналист әлі табылған жоқ. Бұған дейін күдікті Мадсен 10 тамыз күні кешке сүңгуір қайық апатқа ұшырар алдында журналист қызды Копенгаген аймағындағы аралдардың бірінде қайықтан түсіріп жібергендігін айтқан болатын.

Ол өзі аман қалған, алайда қайықтың апатқа ұшырауы жайлы ештеңе белгісіз. Қамауға алынғаннан кейін Мадсен кеменің балластық бөлігінде ақау болғанын айтқан. Оның айтуынша, қайық жылдам бата бастағандықтан, әлдебір шешім қабылдау мүмкін болмаған.  Кейіннен полиция қайықтың суға қасақана батырылғандығын мәлімдеді. Алайда, неге мұндай тұжырым жасағанын полиция әзірге құпия сақтап отыр.

Ақпарат BBC.com сайтынан алынды.