Кемпірқосақты көктен көрген

Ағылшындық жас жігіт бірінші рет жоғары биіктіктен порашютпен секіріп, кемпірқосақтың ерекше бейнесін көріп, суретке түсірген.

Жауыннан кейін жарқырап көрінетін кемпірқосақты бәріміз көріп жүрміз. Бірақ біз жерден тамашалайтынбыз. Ал ағылшындық жігіт көктен суретке түсірген. Үстінгі жағынан да кемпірқосқтың ерекше әдемі екенін байқаймыз. Күн сәулесінде табиғат түстерінің барлығы бар. Жарық сәуле шыны немесе мөлдір қабаттан өткенде әр түрлі түстер шашады. Сабын көпіршігін үрлеп, оны күн сәулесіне ұстасап, мұқият қарасаңыз көптеген түсті байқайсыз. Кемпір қосақта дәл осындай құбылыстан пайда болады.

Ақпарат CCTV.com сайтынан алынды.