Иесіз иттер атылмайды

Шымкентте қаңғыбас ит-мысықтарды уақытша ұстайтын орын ашылған. Онда 300 –ге жуық ит бар. Оларды уақытша ұстау үшін қала бюджетінен 15 млн тенге қаражат бөлінген. Қоғамға қауіпті иттерді бұрынғыдай ата салмайды, олар дәрімен ұйықтатылып, өртеледі, – деп хабарлайды otyrar.kz .

 

Бір итті күтудің құны 1 721 теңгені құрайды екен. Иесі анықталмаған қаңғыбас иттер арнайы пеште өртеледі.

Шымкент қаласындағы қаңғыбас ит-мысықтардың көзін жою үшін жалпы бюджеттен 49 млн теңге бөлінген. Жыл басынан бері 23 мың ит ауланыпты. Бұған дейін қала көшелерінде қаңғып жүрген жануарлар арнайы мылтықтарман атылса, енді құрықпан ауланады. Әрине, ит аулайтын бригаданың жұмысы қиындаған.

Сала мамандарының айтуынша, уақытша оқшаулау орны қаладағы ит-мысықты ұстау қағидасына сай ашылған. Елімізде Астана мен Алматы қаласы да осы тәжірибемен жұмыс жасауда. Сондықтан иттеріңізге ие болғандарыңыз абзал!