Америкалық журналистер Храпунов қылмысын әшкерледі

АҚШ-та Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновқа қатысты тексеріс жалғасып жатыр.

Ол Қазақстанда да сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталып, оған қатысты бірнеше ондаған қылмыстық іс қозағалды. «Алаяқтық», «Қылмыстық топ ұйымдастыру», «Қызметін пайдалана отырып, пара алу» бойынша Интерпол тарапынан оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды.

Америкалық журналистердің таяудағы хабарламасы бойынша В. Храпунов Қазақстан ішінде ғана емес, АҚШ-тағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты жанжалдарға да қатысы бар болып шықты.

Жақында Американың «McClutchy DC Bureau» сайтында Храпуновтың оның туысы – Әблязовтың Құрама штаттарында ақша ізін жасыру ісіне байланысты материалдар жарияланды.

Журналисттік зерттеу материалдарында Әблязов Храпунов жұбының АҚШ аумағында ақша жасыруына бірқатар америкалық бизнесмендердің көмектескені жазылған.

Ал, қазақстандық алаяқтар серіктестеріне осыған ұқсас қызметтерді басқа елдерде жүзеге асруға көмектескен. АҚШ – та В. Храпунов және оның отбасы мүшелерінің ақша жасыру ісіне айыпталуы бойынша бірнеше жылдар бойы сот процестері жүргізіліп келеді.

Биылғы жылдың көктемінде АҚШ тоғызыншы округінің (Калифорния штаты) соты Алматы қаласы мен ҚР Әділет министрлігінің азаматтық талаптарын қарауға келісім берді.

Көрсетілген талаптарға сәйкес, жауапкерлер ұйымдасқан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын, Алматы қаласы тұрғындарының мүддесі үшін әрекет ету міндеттерін бұзғаны үшін және осы мақсаттағы қылмыстық келісімдерді жасағаны үшін айыпталды.

Америкалық округінің сотында Храпунов отбасының және олардың компанияларының Калифорния штатындағы қылмыстық жолмен алынған жылжымайтын мүлік нысандары және бағалы көліктерінің қалай алынғандығы дәлелденетін болады.

Дональд Трамптың бұрынғы серіктесі Феликс Сатер журналистерге Виктор Храпуновтың отбасына түрлі компаниялар арқылы АҚШ жылжымайтын мүлігіне миллиондаған доллар инвестиция құюға көмектескенін мәлім етті. Сатып алулар қатарында «Trump Soho» апартаменті де бар.

Храпунов «инвестицияларының» арасында Әблязовтың оффшорлық компаниялар арқылы Қазақстаннан шығарылған ақшалар болуы да мүмкін. (көбінесе балтық жағасы банктері арқылы)

АҚШ-тағы тексерулер аяқталғанша Храпунов отбасымен Швейцарияда тұрады. Елдің бейтараптығы Храпунов отбасының қауіпсіздігіне кепілдік берді.

Әйелінің айтуынша қазақстандық экс-шенеунік уақытының басым бөлігін велосипед тебу мен мемориал жазуға арнап, зейнеткердің сыпайы өмірін өткеріп жатыр.

Ақпарат ia-centr.ru сайтынан алынды.