Сері Сәкенді сындырған сөз

Сəкен: «Мен өзім орнатқан өкіметтің жауы емеспін» деп ұзақ қасарысыпты. Бір күні тергеуге кеткен ол: «Мен біттім,төзбедім қорлыққа»,- деп төсекке етпетінен құлап,солқылдап жылапты.Сонда жанында жатқан омарташы орыс жігіті Сəкеннің морт сынуының себебін сұрапты.

Сонда Сəкен: «Бəріне шыдар ем ғой, жас ұрпақты қарсы қойғанына қалай шыдармын. Орындыққа отырғызып қойып, қазақтың екі жас баласын кіргізіп екі құлағымды создырып: «Ой əкеңнің ауызы … Сейфуллин, ой шешеңді … Сейфуллин! Сен халық жауысың!»,- дегізгеніне шыдамадым. Оларға жексұрын болғаншы өлгенім жақсы деп қағазына қол қоя салдым,- депті» (Академик Мұхамеджан Қаратаев естелігі)

Санат НҰРБАЙ

Сурет:e-history.kz