Лаңкестер лаңы

Тағы да теракт. Барселонаның орталық көшесі Рамблада Лаңкестік оқиға салдарынан 13 адам қаза болып, 80 адам жарақат алған. Қаланың қоқ ортасы туристердің ең көп жүретін жеріне фургон көлігі қатты келіп, жапырып өткен. Ақ түсті Фиат маркалы көлікті  Магреби Драсс есімді азамат жалға алған.

 

Жергілікті БАҚ – тың айтуы бойынша жүргізуші қашып құтылып кеткен. Оқиға болған жерді полиция қызметкерлері қоршап алды.

Жарақат алғандарды ауруханаға әкетіп жатыр.

Метро мен қала көшелерінің барлығы жабылған. Халыққа үйлерінен  шықпау туралы ескертулар жасалып жатыр. Бұл оқиғаны көргендер болса полиция қызметкерлеріне жедел хабарлау керектігі айтылуда.

Темір жол бекеттері, тіпті дүкендер мен мейрамханалардың барлығы жабылып, қызмет көрсетпейді.

 

– Оқиға болған жерде туристер өте көп болды. Қатты соққының дауысын естідім. Айғай-шу басталып кетті. Балаларынан айырылып қалған аналардың да ащы дауыстары шығып жатты,-дейді Аамер Анвар есімді куәгер.