Жоғалған жүзікті сәбіз тапқан

13 жыл бұрын жоғалған бриллиант жүзік сәбізге киілген күйінде табылған. 84 жастағы канадалық Альберт  Мэри Грэм неке жүзігін бақшадан тауып алған. Иә, кәдімгі саусаққа тағылғандай. Бірақ саусақ емес, сәбізге киілген.

Жоғалған жүзікті ешкімге айтпай, соған ұқсас  сақинаның арзанын сатып алып тағып жүре берген. Жүзікті тапқан Мэри қатты қуанады. Бірақ өкініште жоқ емес. Ол қайтыс болған күйеуін алдап, жоғалғанын жасырған.

Мұндай оқиға бірінші рет емес. 2011 жылы Швецияда бір әйел 16 жылдан кейін тура осылай сәбізге киіліп тұрған жерінен тапқан екен.