Египетте мумия табылды

Археологтар Мысырдың оңтүстік бөлігінде шамамен екі мың жылдық тарихы бар үш зиратты қазды. Зираттар  Каирдың оңтүстігіндегі Эль-Минья провинциясы Аль-Камиль Сахарави ауданында орналасқан қорымдардан табылған. Зираттардан бірнеше тас табыттар, сондай-ақ, сазды фрагменттер табылды.

 

Египеттен 3,5 мың жылдық мумия табылды. Мысыр ескіліктері жоғары кеңесі өкілінің айтуынша, зираттар табылған аудан ұзақ уақыт бойы жерлеуге пайдаланылып келген. Жартастағы саңылау арқылы өтіп жететін зираттардың бірінен адам келбеті бейнеленген төрт тас табыт табылды.

Келесі зиратта  экскаваторлар алты ойық үңгірге тап болды, олардың бірі кішкентай баланы жерлеуге арналғаны анық.

Сазды фрагменттерді негізге ала отырып, ғалымдар жерленгендер біздің э.д 525 жылы қаланған 27-інші династия кезеңі мен біздің э.д. 332-інші жылмен жалғасатын IV ғасырдағы грек-рим кезеңі аралығына тиесілі деген тұжырымға келді.

Экспедиция басшысы Әли Бакридің айтуынша, зираттардан ерлермен қатар, әйелдердің және әртүрлі жастағы балалардың сүйектері табылды. Мысыр ескіліктері жоғары кеңесі жаңа құпиялардың сырын ашу мақсатындағы қазба жұмыстары әлі де жалғасатындығын мәлім етті. Бұл жердегі алғашқы зерттеулер 2015 жылы басталған.