Полигонды жапқызған

Мен үшін Семей полигонын жапқызған азамат – Кешірім БОЗТАЕВ. Ол Семей обкомының бірінші хатшысы болып тұрғанда қорықпастан жанын шүберекке түйіп, 1989 жылы 20 ақпанда СОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы М. Горбачевтің атына хат жазып, полигонның жабылуын талап еткен. Сол кездегі Қазақстан басшылығы үнсіз қалған еді. Кейіннен құрылған «Семей-Невада» қозғалысына нақты қолдау көрсеткен осы азамат болатын.
1933 жылдың 25 шілдесінде Семей облысы Аягөз ауданының Ақшатау ауылында дүниеге келіп, 1999 жылғы 7 тамызда қайтыс болды. Ол Шығыс Қазақстан және Семей облыстары өнеркәсібінің дамуына зор үлес қосып, басқарған абыройлы азамат болған. Бірақ ешқандай да атақ пен марапатты жаны сүймеген ол өте қарапайым және аса мәдениетті адам еді.
Өкінішке орай оның аты қазір ұмытылды. Өмірбаянын оқысаңыз, алған марапаттары тек кеңестік кезеңдікі екен. Қазақ елінің бір де бір марапатына ие болмауының өзі нені көрсетеді?
Серікқазы КӨКЕНАЙ