Трамптың бұрынғы кеңесшісі ұсталды

АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрынғы кеңесшісі Роджер Стоун Флорида штатында ұсталды.

Ол Трамппен президенттік сайлау кезінде бірге жұмыс істеген. CNN телеарнасы АҚШ-тағы сайлауға Ресейдің араласуын анықтау кезінде Роджер Стоунның жеті тармақ бойынша заңбұзушылыққа барғанын хабарлады. Нақтырақ айтқанда, Стоун жалған куәландырды, сот төрелігіне кедергі жасады және куәгерлерге қысым жасады деген айып тағылды.

Айтайық, 66 жастағы Стоун – Республикалық партияның ең беделді саяси кеңесшілерінің бірі. Ол осыған дейін АҚШ-тың Ричард Никсон, Рональд Рейган секілді президенттерімен жұмыс істеген.

Дереккөз: Риа новости