Янукович 13 жылға сотталды

Киев соты Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичті 13 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.

Экс-президентке отанын сатқаны, басқыншылық соғыс ашуға көмек беріп, Ресей билігінен Украинаға әскер кіргізуін өтінгені туралы айып тағылды. Бұған қоса Киевтің орталығында болған бейбіт шеру кезінде халыққа оқ атты және Украинаның аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігіне зиянын тигізді деген де айып болған. 112.ua басылымы соңғы екеуі дәлелсіз болып шыққанын хабарлады. Бұрынғы президенттің өзі сот отырысына қатыспады, қорғаушылары оған ота жасалып, емделіп жатқанын жеткізді.

Виктор Янукович 2010-2014 жылдары Украина президенті қызметін атқарды. Ал оған қатысты сот ісі 2017 жылы мамырда басталған. Қазір ол Ресейде тұрып жатыр.

Дереккөз: Риа новости