Ауылға аспан тасы түскен

Бұл аспан тасы. 1840 жылы ғарыштан, космостан жерге қарай құйрықты жұлдыздай ағып, Қарақол, Шолпан, Таскескен ауылдары үстімен өтіп, Қарақол өзені бойына түскен. «Қарақол метеориті». Жерден тыс ғарыштағы тылсым күштің жаратуымен жаратылған аспан тасы түскен бойда Ресейге жөнелтілген. Мұны ғарыш сыйы ретінде қабылдаған Орыс патшасы ешкімге көрсетпей, бермей сақтапты. Алайда Аспаннан түскен тасты, түскен жері Қазақ еліне, Қарақол өзені бойына Ресейден қайтарып алуды ойластырғанымыз жөн. Бұл ақпаратты белгілі ғалым, күйші, музыка зерттеушісі Жарқын Шәкәрім өзінің фейсбук парақшасында жариялапты.