Камерасы 78 мегапикселдік смартфон шықты

Қытайдың XIaomi компаниясы Pocophone брендімен 2-ші смартфонын шығарды. 3 камерасы жиылып 78 мегапиксельді береді. Аккумуляторы 4500 мА/с (2 күнге жетуі керек), су мен шаң және ылғалдан қорғалған (IP68 стандарты бойынша).

Жедел жадысы (әлгі ОЗУ ғой) 6 немесе 8 Гб және ішкі жады 128 болмаса 256 Гб.

Алдыңғы смартфонда дисплей IPS болса, мұнда Super Amoled қойылған және де 6,2-ден 6,4 дюймге үлкейген. Экранның қорғалу деңгейі 6-шы Gorrilla Glass (соққыға төзе алатын шыңдалған шыны).

Фронталь, яғни, селфи камералары 15 және 8 Мп. Бұл қосарланған камералар қараңғы түнде де сіздің түріңізді танып, смартфонды қосып береді. Негізгі, яғни артқы үш камера, мегапикселдері 38+16+24=78 болып келеді және түсіргенде айды аспанға бірақ шығарады деген сыбыс бар.

Смартфонға жаңадан ғана шыққан флагмандық Qualcomm Snapdragon 855 процессоры қойылған. Оған қоса NFC мен Quick Charge 4.0. бар.

Қазіргі заманда 3,5 милиметрлік джектен (құлаққап салатын ойық немесе тесік десек болады) көптеген IT-гиганттар бас тартып жатқанда бұлар қалдырған екен. USB кабель салатын орны Tipe C. 5G ұстай алатын шамасы бар.

440 доллар тұратын мынандай флагмандық параметрлері бар гаджет аса қымбат емес деген сөз.

Серікқазы КӨКЕНАЙ

Сурет: igeekphone.com