Юлия Тимошенко 100 күнде Қырымды қайтарып алмақшы

Украин елінің экс-премьері «Батькивщина» партиясының лидері Юлия Тимошенко 31 наурызда болатын президенттік сайлауға қатысамын деп мәлімдеді.

Елге шұғыл реформалар керек деген кандидат егер президент болған жағдайда алдымен соыссыз-ақ Қырымды Ресейден қайтарып алмақшы екен. Оны Батыстың көмегімен жүзеге асырамын дегенмен, нақты қалай екенін айтпады. Халықтың табысын көбейтіп, салықты азайтамын, егер осының бәрін орындай алмасам, 100 күннен кейін президенттіктен кетемін деп әйел саясаткер айды аспанға шығарғысы келіп отыр.

Ю.Тимошкенконың мемлекет басшысы болып сайлануына оның қазірдің өзінде 20,8 пайыз халық қолдауы септігін тигізетін сияқты. Басқа танымал кандидаттар Владимир Зеленский (13,4%) мен Петр Порошенкодан (11,1%) ол көп алда келеді және экс-премьердің жақтастары көбейген үстіне көбейетін сияқты.

Сурет: mk.ru