Әкемнің сүйегін жалғыз қаздым

Ахат Шаһкәрімұлы: «1961 жылы 26 июльде Бақанасқа бардым. Әкемнің сүйегін тастаған құдықты жалғыз қазып, ол күні метрден аз-ақ қаза алдым, Жаныма адам алмай жалғыз қазған себебім: біреу болса, ол асығып, сүйектің бір жерін сындырып алар деген ой келді. 28 июльде және қазып, барлық сүйегін түгел алдым. Тек, оқ бүлдірген екі сүйегі болды. Бір оқ оң жақтағы тоқпан жіліктің басын үзген. Екінші атқан оқ төс сүйектің ортасынан өтіп, оң жақ омыртқаның қанатын сындырған. Кейбір сүйектерін өлшеп алдым. Әкей өте ұзын бойлы адам болатын. Сүйегін ауданға алып келдік. 8 август күні Абай зиратының жанына жерленді. Сүйек келгенде жыдамаған жан болмады. Көздерінің жасымен бірге қуаныштары да байқалады….»

Санат Нұрбаевтың фейсбуктағы парақшасынан алынды.