Пьесаға айналып кете береді

Талантты драматург Қалтай Мұхамеджановқа бір жас жазушы:

– Роман, повесть неге жазбайсыз, әсілі проза жазып көрдіңіз бе? – депті. Сонда Қалтай:

– Жазып көрдім, бірақ пьесаға айналып кете береді, – деген екен.

«…деген екен» кітабынан (құрастырған Еркін Нұразхан, «Аударма» баспасы, Астана, 2003 жыл)

Сурет: akciya.pavlodarlibrary.kz