Бүгін Қонаевтың туған күні

Бүгін халқымыздың біртуар Ұлы тұлғасы Дінмұхаммед Меңліахметұлы Қонаевтың туған күні. Ол осыдан 107 жыл бұрын Алматы қаласында дүние есігін ашқан. Қазақ елін ұзақ жылдар басқарып, халқына сіңірген еңбегі мен еліне жасаған оның жақсылығын әлі ешкім ұмытқан жоқ және ұмыта қоймайды.

Солдан оңға қарай Д.Қонаев, Ф. Кәрібжанов, Қ.Сәтпаев, И.Тәжиев және Ж.Тәшенов

Суретте «Казахстанская правда» газетінің 1958 жылғы 1 қараша күнгі нөміріндегі Дінмұхаммед Қонаевтың жиналыста сөз сөйлеп тұрған кезі. Димаш атамыз ол кезде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы екен, яғни қазіргі тілмен айтқанда Премьер-Министр.