Мұқағалидың қолтаңбасы

Бірде өзге ақындармен бірге Мұқағали Мақатаев елге шығады. Ауылға ақындар келгесін, мұндайда кітап саудасы ұйымдастырылатыны белгілі. Оқырманның көпшілігі бұл жолы атақ, дәрежелері жоғары ақындарды төңіректеп шықпай қояды. Баспадан шыққан кітаптарын алдына үйіп қойып, жападан-жалғыз отырған Мұқағали қазақ оқырмандарының «аңқаулығына» шыдамай, бір кезде қатты айқайлап жібереді:
– Әй, бері қарай келіңдер! – деп қолын бұлғайды:
– қолдарың жетіп тұрғанда менен автограф алып қалыңдар. Күні ертең мен өлген соң, «Мұқағалидың өзінен қолтаңба алғанбыз» деп мақтанасыңдар ғой, сорлылар-ау! – депті.

«Деген екен» жинағынан.