Мәскеу әлемдегі ең ақылды қала атанды

Биылғы рейтинг қорытындысы бойынша Нью-Йорк пен Токионы қосқанда әлемнің жетекші 30 мегаполисін артқа тастаған Ресей астанасы Мәскеу жер шарындағы ақылды қалалар көшін бастады, деп хабарлайды «Вечерняя Москва» газеті №231 санында.

«Сандық өңір» аталымы бойынша ақпараттық технологиялар жетістігінің арқасында Мәскеу мэрі Сергей Собянин «Сандық шың» арнайы сыйлығымен марапатталды.

– Біздегі интернет – әлемдегі ең арзан әрі жылдам түрі. Қаланың басым көпшілігі тегін Wi-Fi желісімен қамтылған. Жалпы, қазір ресейлік ІТ-компаниялар жақсы дамып келеді. Ақпараттық технология саласындағы 300 мыңнан аса фирма Мәскеу экономикасының дамуына серпін беріп, шамамен 600 миллиард рубль пайда әкелуде, – дейді Сергей Собянин Ресей Үкіметінің президиум отырысында.