Димаш Құдайберген «The Silk Road Cohesion Awards-2018» премиясының жыл әншісі атанды

Қытайдың Шанхай қаласында «The Silk Road Cohesion Awards-2018» атты халықаралық кинофестиваль өтті. Фестиваль аясында қазақ әншісі Димаш Құдайберген «Жыл әншісі» атағымен марапатталды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

Әлеуметтік желідегі жазбасында екі марапатқа ие болғанын сүйіншілей хабарлаған Димаш:

«The Silk Road Cohesion Awards-2018» халықаралық марапат кешінде «Жыл әншісі» және «Ұлы Жібек жолы» елдерінің шешімімен «Жібек жолының мәдени елшісі» деген марапаттар алып, мереке қарсаңында сыйға бөлендім. Қуаныштымын. Әр жеңісім отаным үшін, барлық тыңдарманым үшін. Мереке құтты болсын!» – деп өзінің қуанышымен бөлісті.