Ербол Азанбектен 7 кеңес

Танымал журналист, әлеуметтік желі белсендісі Ербол Азанбек банк картасы иелеріне өзінің Фейсбук парақшасында мынандай ақыл-кеңестер қалдырған екен.

1. Картаңыздағы пин-кодты өзіңізден басқа ешкім білмесін. Банк қызметкері де. Банк қызметкері телефон, хат арқылы сіздің картаңыздың мәліметтерін сұратуға құқығы жоқ.

2. Картаның артындағы cvv кодты өзіңізден басқа ешкім білмеуі керек.

3. Карта арқылы есеп айырысқан кезде картаңыз көз алдыңызда болуы керек. Беріп жіберіп, қарап отырсаңыз бір күні «ақшаңыз алынып жатыр» деген хат алуыңыз әбден мүмкін.

4. Почта, әлеуметтік желі арқылы картаңыздың суретін жібермеңіз.

5. Картаңызыд таныстарыңызға, бала-шағаға бермеңіз.

6. Картаңызға интернет төлемге лимит қойыңыз немесе мүлдем алып тастаңыз. Керек кезде қосып, бірден өшіру қиын емес. Менде айына 25 мың теңге лимит тұр. Ұрлап кеткен күннің өзінде риск 25 мың теңге.

7. Күдікті, түсінiксiз сайттарда төлем жасамаңыз.

Осындай қарапайым нәрселерді есте сақтасаңыз болды.