Иесін өзі іздеп тапқан марапат

Бахтияр Хамит досым фейсбуктағы парақшасына «Бүкіл қазақ даласы марапат алып жатқандай көрінеді. Потаниннің мақамына салсақ осылай» деп жазғанын оқып, еріксіз күлдім.

Расында фейсбук беті түрлі құттықтауларға толып кетіпті. Марапат алмаған адам жоқ-ау, сірә. «Біраз жылда атақсыз адам бар ма?» деп іздейтін сияқтымыз. Бұл әр жыл сайын айтылып келе жатқан жыр.

Бірақ биылғы сыйлық нақ иесін тапқан сияқты. Ақордада Елбасы әдебиет пен өнер саласындағы еңбегі үшін Тыныштықбек Әбдікәкімовке мемлекеттік сыйлық табысталды. Бұл жайында Абайтанушы Омар Жәлел: – Тыныштықбек Әбдікәкім ағам ерледі. «Мал, мақтан, құрмет адамды өзі іздеп тапса, адамдықты бұзбайды һәм көрік болады (Абай). Мемлекеттік сыйлық ағамды өзі іздеп тапты,- деп нақ бағасын берген екен. Шындығында бұл сыйлық ақынды өзі іздеп тапқандай. Сіз әбден лайықсыз!

Санат НҰРБАЙ