Мажарстан елшісі мемлекеттік туын Халықаралық Түркі академиясына ресми түрде табыстады.

Бүгін Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай арнайы қабылдау рәсімі болды.

Қырғыз елінде Шолпан-Атада өткен Түркі кеңесінің Саммитінде ұйымға бақылаушы мәртебесін алған Мажарстан мемлекеттік туын елші Андраш Барани Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліге ресми түрде табыстады.

Бұл дәстүрлі шараға еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Әзербайжанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Рашад Мамедов (Рашад Маммадов), Мажарстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Андраш Барани, Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Лувсан Баттулга, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык (Nevzat Uyanık), Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев және тағы басқа бауырлас елдердің дипломаттары, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.