Шпиондық құралдардан сақ болыңыздар

Беймәлім кәсіпорын телефонның қуаттағышына жасырын дыбыс жазғыш орнатып оны сатылымға шығарыпты.

Суреттегі 3 қуаттағыштың ортасындағысы жасырын дыбыс жазғышпен жабдықталған

 

Бұл қуаттағышқа SIM-карта салсаңыз, 30 секундтан кейін өздігінен желіге қосылады.

 

Желіге қосылғаннан кейінгі қуаттығыштағы нөмірге СМС арқылы “ QQQ ” мәтінін жіберсеңіз құрылғы белсененді.

 

Белсенген құрылғыға СМС арқылы “ FFF ” мәтінін жіберсеңіз, құрылғы кері қоңырау шалады да, құрылғы маңайындағы дыбыстарды ести бастайсыз, ал, сіздің дыбысыңыз ол жаққа естілмейді.

 

СМС-сіз де тыңдауға болады. Ол үшін құрылғыдағы нөмірге қоңырау шалсаңыз ғана болды өздігінен жалғанады да дыбыстарды ести бересіз.

 

Сонымен қатар құрылғы «Google Maps» арқылы мекенжанды да анықтайды.

Құрылғы токтан ажыратылған кезде өз ішіндегі аккумулятордағы қуатпен де тыңдай беруге болады.

СМС пен “ GGG ” мәтінін жібер арқылы аккумулятордағы қуаттын қалдығын тексере аласыз.

Сонымен қатар төмендегі құрылғылардан да сақ болған жөн.