13 саны

«Он үш» деген сан атақты композитор Рихард Вагнердің өмірімен тығыз байланысты болыпты. Ол 1813 жылы 22 мамырда туған. Вагнер 13 опера жазған, он үш жасқа толғанда, оның ең жақсы көретін, композиторы Вебер дүние салыпты. Ал Вагнер Вебердің «Ерікті мерген» деген операсын 1824 жылы 13 қазанда тұңғыш рет тыңдаған.

Вагнер

Вагнер 1837 жылы 13 қыркүйекте Рига қаласындағы опера театрында бірінші рет дирижерлік еткен. Атақты композитор 1844 жылы 13 сәуірде «Тангейзер» деген операсын жазып бітірген. Ол опера 1861 жылы 13 наурызда Париж қаласында қойылған.
Вагнер 13 жыл айдауда жүрген. 1882 жылы 13 шілдеде «Парсифаль мырза» атты шығармасын жазып бітірген. Сол жылдың 13 қыркүйегінде Вагнер Венецияға кетіп, 1883 жылы 13 ақпанында дүние салған.

Атақты ұшқыш Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атамыздың ұшақ нөмірі «13» болған. Оны майдандастары әр ұшқан сайын, осы жолы өлесің десе де, штурвалға дұға оқып отырғанның арқасында аман-сау оралып отырған.

Nukte.kz