Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Ескерту және қылмыстың жолын кесуге бағытталған профилактикалық іс-шара­лардың нәтижесінде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны 11,0 пайызға кеміді.

Ауыр қылмыстар – 6,8 пайызға, зорлау – 36,5 пайызға, тонау – 14,5 пайызға, ұрлық 15,0 пайызға төмендеді. Бұзақылық – 40,1 пайызға және алаяқтық 15,4 пайызға қысқарды.

Одан бөлек, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар – 20,8 пайызға, көшеде жасалған қылмыстар саны – 14,4 пайызға, мас күйінде жасалған қылмыстар 18,2 пайызға азайды.

Ауыр және аса ауыр қылмыстар (+16,8%, 58,5%-дан 75,3%-ға), тонау (+16,1%, 54,4%-дан 70,5%-ға) және бұзақылық (+10,9%, 53,8%-дан 64,7%-ға) жақсарды.

2017 жылы орын алған жол-көлік оқиғалары – 1,9 пайызға (365-тен 372-ге) көбейді, онда қаза болғандар саны 2,3 пайызға (90-нан 88-га) төмендеді, онда жарақат алғандар саны 1,5 пайызға (445-тен 452-ге) көбейді. Бұл жағдайдың ушығуына автокөліктер санының артуы қосымша себеп болып отыр.