Алакөлдің атауы қалай шықты?

Жаз шықса қаладан қашып Алакөлге барып демаламыз. Бұл менің жылдағы өзгеріссіз дәстүрім. Көл атауын моңғол және түрік тілдерінен аударғанда «Ұлы көл» немесе «Таулы көл» деген мағына береді сияқты деректер әр жерлерде кездеседі.

Ала көл! Алакөлді көрмегелі қай заман?! Сәл жел тұрса шарадағы қымыздай көбігі сынып, бейне көл бетіне сан мың аққу қонып отырғандай ап-ала боп жатушы еді. Сол көрініске ата қазақ Барлықтың жотасына шығып қарап тұрғанда, «Алакөл» деп ат қоя салған. Әттең дүние-ай, өзің туып өскен сол көлдің жайсаң жағалауын жау ойнағына беріп қойып, Қабанбай басыңмен тірі жүрсің-ау! Бұл Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз» романындағы Қанбайдың қапалы сөзі. Ол кезде көл қалмақтың қолында еді.

Осы әпсана көңілге қонымды. Расында да шипалы, тұзды көл ала болып тынып жатады. Сондықтан «Алакөл» аталса керек.

Санат НҰРБАЙ