Серік ЕРҒАЛИ: Наурыздың мәнін кетіргендерді жауапқа тарту керек!

Танымал мәдениеттанушы, көп жылдардан бері Ұлттың Ұлы күні – Наурызды зерттеп келе жатқан Серік ЕРҒАЛИ мырза ҚР Бас прокурорына арызданды.

Оның айтуынша еліміздегі көптеген мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар жаңа жылымызды 21-23 наурызда емес, күн жылыған сәтті күтіп келесі сәуір айында атап өтіп, бұл мейрамға қатты нұқсан келтіріп жүр. Сол себепті де әлдебіреулердің көктемгі демалысын жақсы өткізу мақсатында бюджет қаржысын өз орнымен жұмсамай отырғанын тексеріп, шара қолдануды өтінеді. Бұл туралы мәдениеттанушы өзінің Facebook парақшасында жазып, хат көшірмесін салды.