Жемқорлыққа қарсы күрескер журналист Бендицкий қайтыс болды

Бүгін Беларусь астанасында еліміздің танымал журналисі Геннадий Бендицкий қайтыс болды. Ол жемқор шенеуніктерді әшкерелеп жазған мақалаларымен аты шыққан еді. Оған қарсы қылмысты істер қозғалса да алған бетінен қайтпайтын өжет қыл қалам шебері еді. Өзінің туған, яғни 47-ге толған күні ауыр науқастан қайтпас сапарға аттанды.

@ratel.kz

Артында әйелі мен 2 баласы қалды. Марқұмның бала-шағасы мен жақындарына Nukte.kz редакциясы көңіл айтады.