«Халықаралық және мемлекеттік қаржыландыру есебінен коммерциялық емес ұйымдардың жобаларының әсерін мониторингтеу және бағалау» тақырыбындағы гранттың жүзеге асырылуының аралық қорытындысы

Жоба атауы: Халықаралық және мемлекеттік қаржыландыру есебінен коммерциялық емес ұйымдардың жобаларының
әсерін мониторингтеу және бағалау
Грант иегерінің атауы: «Еуразиялық сараптама кеңесі» Қоғамдық қоры
Грант атауы: Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын халықаралық және Қазақстандық ҮЕҰ  қарастыру.
Жоба бағыты: Құқықтарды қорғау, азаматтық және азаматтық мүдделер. ҮЕҰ -ның процессуалдық шешімдерін қабылдау және қабылдау процесінде ҮЕҰ аумағын  кеңейту
Жобаның мақсаты: Қазақстандағы қаржыландырылатын  және  каржыландырылмайтын  ҮЕҰ қолдау түрлерінің ең қолайлы және  сәтті  түрін (гранттар, сыйақы және басқалар) зерттеу және іске асыру.

Жоба міндеті:
1.    Халықаралық ұйымдармен ҮЕҰ-ды қаржыландыру тәжірибесінің болашағына талдау жасау;
2.    Қоғамға ашық және жасырын эксперттік сауалнама жүргізу, оның ішінде ғаламтордағы  жетекші әлеуметтік  алаңдарды да қосу;
3.    Қазақстан үшін қызықты болатын SoftPower транслияциясында тәжірибесі бар мемлекеттердің сараптама жасау арқылы тізімін жасау;
4.    Өз елдерінде SoftPower-ге көп үлес қосып жүрген ұйымдардың рейтингін жасау;
5.    ҮЕҰ-ды ағымдық мемлекеттік қаржыландыру жағдайына сараптама жасау;
6.    Мемлекеттік органдар үшін сараптама мен ұсыныстар жасап шығару;
7.    Экономика, саясат пен болашаққа тікелей қатысы бар, сондай-ақ, ҚР-на әсері болатын ҮЕҰ қатысатын халықаралық алаңдарды зерттеу,  қазақстандық ҮЕҰ-дың бұл алаңдарға қатысу мүмкіндіктерін зерделеу;
8.    5 аймақта қоғамдық дипломатия бойынша тренингтер өткізу.
Жоба бюджеті: 5 000 000 теңге.
Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 2017 жылдың 1 сәуірі – 31 қазаны.
Ағымдағы жағдайы: Қазіргі таңда жоба аясында қоғамдық дипломатия бойынша семинарлар өткізіліп, эксперттік сауалнамаға дайындық жүріп жатыр.
Аралық нәтижелері:
•    Қазақстан Республикасында жүзеге асатын қоғамдық дипломатияның үздік тәжірибелеріне шолу жасалуда;
•    ҮЕҰ-ды ағымдық мемлекеттік қаржыландыру жағдайына сараптама жасалуда;
•    Өз елдерінде SoftPower-ге көп үлес қосып жүрген ұйымдардың рейтингі  жасалып жатыр;
•    ағымдық мемлекеттік қаржыландыру жағдайына контент-сараптама жасалды;
•    Экономика, саясат пен болашаққа тікелей қатысы бар, сондай-ақ, ҚР-на әсері болатын ҮЕҰ қатысатын халықаралық алаңдар зерттеліп,   қазақстандық ҮЕҰ-дың бұл алаңдарға қатысу мүмкіндіктері зерделеніп жатыр;
•    Оқыту модулі жасалып, Ақмола облысы мен Тараз қаласында қоғамдық дипломатия бойынша 2 семинар өткізілді.

Байланыс ақпараты: 010000,  Астана қ.,  Темірқазық көшесі 80, Телефон +7 777 108 1111, expcouncil@gmail.com