«Дін саласындағы ақпараттық қызметті ұйымдастыру» тақырыбындағы гранттың жүзеге асырылуының аралық қорытындысы

Жоба атауы: Дін саласындағы ақпараттық қызметті ұйымдастыру
Грант иегерінің атауы: «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігі
Грант тақырыбы: Дін саласындағы ақпараттық қызметті ұйымдастыру
Грант бағыты: Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту. Қоғамның радикалдануы
Жоба мақсаты: Халықпен, соның ішінде Интернетпен ақпараттандыру және хабардарлықты арттыру және алдын-алу шараларын ұйымдастыру және өткізу арқылы діндер саласында проблемалық мәселелерді дұрыс түсінуді қалыптастыру
Жоба міндеттері:
1.    Ғаламдық кеңістікте, әлеуметтік желілерде және блогтарда ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру, діни саланың өзекті мәселелеріне арналған ақпараттық материалдарды (фото, аудио және бейне өнімдерін) орналастыру арқылы ұйымдасты
2.    Діни экстремизмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың қызметінің мәнін ашып көрсету.
3.    Қазақ халқының дәстүрлі діндердің, мәдениетінің және рухани мұрасының тарихы мен рухани құндылықтары туралы жастарды хабардар ету.
4.    Барлық діндер мен этностардың бейбіт өзара әрекеттесуін және өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру.
Жоба бюджеті: 4 511 400 тенге
Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 2017 жылдың 1 сәуірі – 31 қазан
Ағымдағы жағдайы: Қазіргі уақытта эссе және фотоконкурсқа қатысушылардың өтініштерін жинау үшін жоба тақырыбы бойынша бейне сұхбаттар мен бейнематериалдар әзірленіп жатыр.
Аралық нәтижелері:
•    http://ctc-rk.kz порталында 1385 жарияланым бар, пікірлер саны – 2330;
•    «Антитеррорлық» тақырыптық топтары Facebook, Twitter, Instagram, Vkontakte әлеуметтік желілерінің беттерінде тіркелген және 3153 адам қамтылған;
•    Әлеуметтік желілерде «Антитеррорлық» топтарында жоба тақырыбы бойынша 97 жарияланым бар;
•    «Менің халқымның тарихы. Дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары » атты онлайн фотоконкурс өткізіліп жатыр;
•    «Қазақстанда діни экстремизмге жол жоқ!» атты тақырыбында онлайн шығармашылық эссе сайысы өткізіліп жатыр.
Байланыс ақпараты: 010000,Астана қ.,Абай даңғылы, 5 үй, 2 пәтер