«Жастарды әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша қоғамдық мониторингті жүзеге асыру» тақырыбындағы гранттың жүзеге асырылуының аралық қорытындысы

Жоба атауы: Жастарды әлеуметтік қолдау  және жұмыспен қамту мәселелері бойынша қоғамдық мониторингті жүзеге асыру
Грант иегерінің атауы:  «Қазақстан жастарының конгресі» заңды тұлғалар бірлестігі
Грант тақырыбы: Жастарды әлеуметтік қолдау  және жұмыспен қамту мәселелері бойынша қоғамдық мониторингті жүзеге асыру
Грант бағыты: Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау
Жобаның мақсаты: Жастарды әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту  мәселелері бойынша  қызмет көрсету  бөлігінде мемлекеттік  органдар жұмысының сапасына  қоғамдық мониторинг жүргізуді ұйымдастыру.
Жобаның міндеттері:
1.    Жастарды әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту
мәселелері бойынша қолданыстағы  бағдарламаларға/жобаларға талдау жүргізу.
2.    Жастарды әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту
мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу.
3.    Жастарды әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту
мәселелерібойыншамониторингілікіс-шаралар топтамасын жүргізу.
4.    Ұсынымдарымен талдамалық баяндама әзірлеу.
5.    Жоба нәтижелері бойынша  қорытынды  бейнеүзік дайындау.
Жобаның бюджеті:  9 633 000 теңге
Жобаны жүзеге асыру мерзімі:  21 шілде – 21 қараша 2017 ж.
Қазіргі жағдайы: Қазіргі таңда жоба аясында бекітілген 5 ҚР жастарын жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағдарламалары мен жобалары бойынша қызметті тұтынғандардан бұқаралық сұрау жүргізіліп жатыр.
Аралық нәтижелері:
•    Жастарды әлеуметтік қолдау  және жұмыспен қамту мәселелері бойынша қоғамдық мониторингті жүзеге асыру бойынша жұмыс тобы құрылды;
•    Қоғамдық мониторинг өткізуге байланысты мәселелерді талқылау үшін 3 жұмыс тобының кездесуі өткізілді;
•    Жоба аясында жастарды әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамтуға бағытталған бағдарламаларға мониторинг жүргізу үшін 5 мемлекеттік бағдарлама бекітілді;
•    Жоба аясында мемлекеттік бағдарламаларға қоғамдық мониторинг жүргізу үшін сауалнама жасалынды;
•    Жоба бойынша далалық кезең жұмысын бастады.

Байланыс ақпараты: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі 34/1,  66 кабинет, +77756000626